Lifestyle

Димаш Құдайберген New World Tour гастрольдік турын жариялады

Димаш Кудайберген получил банковскую карту со своим лицом и 100% кэшбеком
Димаш Құдайберген шығармашылық жолындағы жаңа ауқымды кезеңді бастамақ / фото: instagram

Әнші Димаш Құдайберген шығармашылық жолындағы жаңа ауқымды кезеңді бастамақ. DimashAli шығармашылық орталығы әншінің New World Tour атты жаңа жеке концерттік турының басталатынын ресми түрде хабарлады.

Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы концерттердің алғашқы бекітілген кестесін бөлісіп, жанкүйерлерін қуантты.

«Бүгін біз турдың алғашқы күндерін ұсынамыз. Концерттік кесте толықтырылып отырады, ал жақын арада жаңа қалалар мен концерт күндері жарияланады», – делінген ресми мәлімдемеде.

Концерттердің алғашқы кестесі

Жарияланған кестеге сәйкес, Димаштың жаңа әлемдік туры 2026 жылдың күз айларында Еуропа төрінен басталып, одан әрі Латын Америкасы елдерінде жалғасады:

  • 18 қазан – Краков, Польша
  • 24 қазан – Дюссельдорф, Германия
  • 30 қазан – Мадрид, Испания
  • 11 қараша – Мерида, Мексика
  • 14 қараша – Монтеррей, Мексика
  • 17 қараша – Гвадалахара, Мексика
  • 19 қараша – Мехико, Мексика
  • 20 қараша – Мехико, Мексика
  • 22 қараша – Богота, Колумбия
  • 24 қараша – Сантьяго, Чили

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тізім әлі де толықтырылады. Сонымен қатар New World Tour шымылдығын ашатын ең алғашқы концерт өтетін қала туралы ақпарат та жақын уақытта жарияланбақ.

Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған жанкүйерлері (Dears) қазірдің өзінде жаңалықты қуанышпен қарсы алып, өз елдерінде де концертті күтіп отыр. Әсіресе, бұл жолғы турда Мексика, Колумбия және Чили сияқты Латын Америкасы елдеріне үлкен басымдық берілгені байқалады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мадридте Димаш Құдайберген туралы деректі фильмнің тұсаукесері өткен еді.