Қытайда төбелеске қатысқан Қазақстан азаматы ұсталды

Қазақстан азаматы Қытайда төбелеске қатысып, денсаулыққа қасақана зиян келтірді деген күдікпен ұсталған. Сыртқы істер министрлігі оқиғаны растап, қытайлық тараптан ресми хабарлама алғанын айтты.
Threads әлеуметтік желісінде Махмұтхан Шерназаровтың туыстары оның Қытай азаматымен жанжалдасып қалғанын айтты. Кейін ол азамат көз жұмған. Осы ретте оның отбасы төбелесті бірінші болып Махмұтханның бастамағанын айтып отыр.
Болжам бойынша, жанжал қазақстандықтың қыз балаға араша түспек болғанынан басталуы мүмкін. Дегенмен туыстарының өздері төбелестің нақты себебі әзірге белгісіз екенін айтып отыр.
Жақындарының айтуынша, Шерназаровқа бірнеше адам шабуыл жасап, оны соққыға жыққан және кетуіне мүмкіндік бермеген. Туыстары оның бұл әрекетін өзін-өзі қорғаумен байланыстырып, бейнежазба мен оқиғаның барлық мән-жайын ескере отырып, объективті тергеу жүргізуді сұрайды.
«Ол алдын ала жоспарланған зорлық-зомбылық немесе шабуыл жасаған жоқ. Махмұтхан өз өмірін қорға, осындай жағдайға тап болды. Ол Қытайға жанжалдасу үшін емес, отбасы мен болашағы үшін жұмыс істеуге барған еді», – деп жазды туыстары.
Қазіргі уақытта СІМ өкілдері ұсталған азаматтың туыстарымен байланыста отыр және қажетті консулдық көмек көрсетіп жатыр.