Lifestyle

Шавкат Рахмонов әйелімен татуласты

Шавкат Рахмонов / фото: ufc.com

UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жеке өміріне қатысты соңғы уақытта желіде тараған сыбыстарға нүкте қойылды. Заңгер Мейірман Шекеев Qazaqordasy арнасына берген сұхбатында спортшының отбасылық жағдайы туралы тың ақпаратты бөлісіп, ерлі-зайыпты заңды түрде әлі де бірге екенін мәлімдеді.

Арыз берілген, бірақ…

Заңгердің айтуынша, Шавкат Рахмонов пен жары Гүлайым Рахмонованың арасында ажырасуға қатысты заңдық процестер басталғаны рас. Олар ертеректе некені бұзу туралы ресми түрде арыз түсірген.

«Иә, Гүлайым Рахмонова мен Шавкат Рахмонов ажырасуға арыз бергені рас. Басында олар бұл процесті бастады», – деді Мейірман Шекеев.

Заңгердің сөзіне сүйенсек, ерлі-зайыптылар өзара тіл табысып, сотқа берген өтініштерін қайтарып алған.

«Кейін олар татуласып, берген арыздарын кері қайтарып алды. Қазіргі таңда екеуі заңды түрде ажыраспаған», – деп нақтылады заңгер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонова ажырасқаны туралы сұхбат берген еді.