BINOM неліктен бірінші сынып оқушыларын қабылдамайды

BINOM мектептер желісінің әкімшілігі 2026-2027 оқу жылына бірінші сынып оқушыларын неліктен қабылдамағанын түсіндірді.
Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау басталған алғашқы минуттарда-ақ барлық бос орындар толығымен толып үлгерген.
Сонымен қатар, мектепке қабылдау тұрғылықты жері бойынша жүргізілгенімен, баланың автоматты түрде оқуға түсіп кетуіне кепілдік жоқ.
Ресми түсініктемеде орыс сыныптарына деген сұраныстың қолданыстағы орын санынан бірнеше есе жоғары екені ерекше атап өтілген.
«Мектептегі жалпы сынып жиынтығының тек 20%-ға жуығы орыс сыныптарының үлесіне тиесілі. Осы себепті өтініштерді қабылдау басталған алғашқы минуттарда-ақ бұл сыныптардағы бос орындар толығымен толып үлгереді.
Бірінші сыныптарға орын толық үлестіріліп қойған мектептерде қазіргі уақытта резервтік тізім ашылды. Ата-аналар өтініш беріп, күту кезегіне тұра алады», – деп түсіндірді BINOM School өкілдері.
Резервтік тізімдегі оқушылар кезек-кезек мектептен орын босаған жағдайда қабылданады. Бос орын пайда болған сәтте ата-аналарға белгіленген тәртіппен хабарлама жіберіледі.
Айта кетейік, Астанада бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 27 мамыр күні сағат 09:00-де басталған.
Бұған дейін еліміздегі өңірлер бойынша мектептерге құжат қабылдау кестесі жарияланған еді.