Енді пойыздардың қозғалысын онлайн бақылауға болады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
В Казахстане могут резко поднять тарифы на поезда из-за долгов КТЖ
фото: ашық дереккөзден

«Қазақстан темір жолы» пойыздың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін арнайы сервисті іске қосты. Бұл туралы компания сайтында жазылған.

Енді кез келген адам вокзалға шықпас бұрын tablo-railways.kz сайтына кіріп, карта арқылы өзіне қажетті пойыздың дәл қазір қай жерде келе жатқанын, станцияларға келу-кету уақытын, тіпті тұрақтардың ұзақтығын алдын ала тексере алады. Жаңа сервис жолаушылар ағыны көп кезде немесе басқа пойызға ауысып міну қажет болғанда вокзалда босқа күтіп қалмау үшін өте пайдалы.

Қызметті пайдалану үшін tablo-railways.kz сайтына өтіп, картадан қажетті пойызды таңдау керек. Сондай-ақ, онлайн-таблоға ресми bilet.railways.kz сайты арқылы да кіруге болады. Ол үшін «Пойыздар қозғалысының онлайн-таблосы» баннерін басса жеткілікті.

Оқи отырыңыз: Жазғы демалыс кезеңінде пойыздар мен әуе рейстерінің саны артады  

Сондай-ақ оқыңыз