Маусымда төрт өңірде құрғақшылық болады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Токаев предупредил о засухах, таянии ледников и угрозе дефицита воды в Казахстане
Синоптиктер болжамы жарияланды/фото: shutterstock

«Қазгидромет» мамандары маусымда қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін екенін болжады.

Синоптиктер мәліметіне сәйкес, төрт облыстағы аудандарда құрғақшылық болу ықтималдығы жоғары. Олар:

  • Ақтөбе облысы Шалқар ауданында;
  • Алматы облысы Балқаш ауданында;
  • Жетісу облысы Қаратал ауданында;
  • Қызылорда облысы Арал және Қазалы ауданында.

Бұған дейін синоптиктер 12 өңірде құрғақшылық қаупі жоғары болатынын ескертті.

Олар:

  • Қызылорда облысында – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.
  • Қостанай облысында – Амангелді, Қарасу, Әулиекөл және Жангелдин аудандарында;
  • Батыс Қазақстан облысында – Жаңақала ауданында;
  • Қарағанды облысында – Шет ауданында;
  • Ақмола облысында – Ерейментау және Аршалы аудандарында;
  • Ақтөбе облысында – Шалқар және Ырғыз аудандарында;
  • Атырау облысында – Құрманғазы және Махамбет аудандарында;
  • Қарағанды облысында – Ақтоғай, Нұра және Шет аудандарында;
  • Ұлытау облысында – Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жекелеген елдімекендерінде;
  • Алматы облысында – Жамбыл ауданында;
  • Жетісу облысында – Алакөл ауданында;
  • Жамбыл облысында – Талас ауданында;
  • Қызылорда облысында – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.

Айта кетейік, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда биыл жаз әдеттегіден ыстық болады деді.

Сондай-ақ оқыңыз