
«Қазгидромет» мамандары маусымда қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін екенін болжады.
Синоптиктер мәліметіне сәйкес, төрт облыстағы аудандарда құрғақшылық болу ықтималдығы жоғары. Олар:
- Ақтөбе облысы Шалқар ауданында;
- Алматы облысы Балқаш ауданында;
- Жетісу облысы Қаратал ауданында;
- Қызылорда облысы Арал және Қазалы ауданында.

Бұған дейін синоптиктер 12 өңірде құрғақшылық қаупі жоғары болатынын ескертті.
Олар:
- Қызылорда облысында – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.
- Қостанай облысында – Амангелді, Қарасу, Әулиекөл және Жангелдин аудандарында;
- Батыс Қазақстан облысында – Жаңақала ауданында;
- Қарағанды облысында – Шет ауданында;
- Ақмола облысында – Ерейментау және Аршалы аудандарында;
- Ақтөбе облысында – Шалқар және Ырғыз аудандарында;
- Атырау облысында – Құрманғазы және Махамбет аудандарында;
- Қарағанды облысында – Ақтоғай, Нұра және Шет аудандарында;
- Ұлытау облысында – Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жекелеген елдімекендерінде;
- Алматы облысында – Жамбыл ауданында;
- Жетісу облысында – Алакөл ауданында;
- Жамбыл облысында – Талас ауданында;
- Қызылорда облысында – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.
Айта кетейік, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда биыл жаз әдеттегіден ыстық болады деді.