Lifestyle

Продюсер Баян Алагөзова KeshYou-дің 20 жылдық шоуынан түк пайда таппады

KeshYou тобының әншілері
Жиырма жылда құрамы он мәрте өзгерген KeshYou тобы / фото: Instagram/keshyou_official

Танымал продюсер Баян Алагөзова KeshYou тобының 20 жылдық концертін дүркіретіп өткізгенімен, шоудан ешқандай пайда таппаған.

Блогер әрі PR маманы Әлішер Елікбаев Threads әлеуметтік желісінде Баян және Тұрсын Алагөзовтермен бір ұшақта түскен суретін жариялады.

Әлішер Елікбаевтың жазбасы
Business class-тағы кездесу / фото: Treads әлеуметтік желісінен скриншот

Борттағы VIP орында KeshYou тобы туралы әңгіме болғанға ұқсайды.

«Қысқасы, мен бәрін анықтап білдім: Kehsyou концерті өзін ақтамаған болып шықты», – деп жазды Елікбаев.

Әлеуметтік желі қолданушылары да Алматының Орталық стадионда дүркіреп өткен концерт билеті тым арзан болғанын әңгімеледі. Олар бұған дейін Алагөзова шоуды ұйымдастыруға 200 мың доллар жұмсағанын, оны өтеу қиын екенін айтқанын сөз етті.

Бұған дейін танымал продюсер жылда өтетін «Қазақ аруы» байқауына жұмсалған қаражат та қайтпайтынын мәлімдеген.

29 мамырда Алматыны дүр сілкіндірген KeshYOU тобының 20 жылдық мерейтойлық шоуы енді Астана төрінде қайталануы мүмкін. Алагөзова тағы бір концерт ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген.