Сәтпаевта балалар стадион трибунасын қиратты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Сәтпаевта балалар стадион трибунасын қиратты / Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Ұлытау облысы Сәтпаев қаласында балалар «Юность» стадионының трибунасын қиратты. Кәмелетке толмағандар түскен видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрларда бірнеше баланың стадиондағы пластик орындықтарды сындырып жатқаны көрінеді. БАҚ мәліметінше, жазбада үш ұл бала бейнеленген, олардың екеуі трибунаны зақымдайды.

Полиция жарияланған видеоға назар аударды. Тәртіп бұзушылар анықталып, ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізілді.

«Полиция қызметкерлері екі кәмелетке толмаған баланы анықтады. Ата-аналарының қатысуымен жасөспірімдерге қатысты алдын алу сипатындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – деп хабарлады ведомство.

Вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, ата-аналарға қатысты балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ, олар стадионға келтірілген материалдық шығынды өтеуі тиіс болады.

Сондай-ақ оқыңыз