Түркістанда дрон шығаратын зауыт жұмысын бастады
Жарияланды

Түркістанда ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне арналған дрон шығаратын зауыт жұмысын бастады.
Жобаны «Avatar Agricultural Technology Development» компаниясы қолға алған. Жылына 500 дана техника өндіреді.
Ауыл шаруашылығына арналған дрондар егіс алқаптарын дәрілеу жұмыстарын жеңілдетпек. Бір аппараттың өзі 70 литр сұйықтықты еркін көтеріп, 5 гектар жерді өңдеуге қауқарлы. Бұл технология шығынды азайтып, жұмыс өнімділігін айтарлықтай арттырады.
Қазірдің өзінде кәсіпорынға 20 тапсырыс түскен. Сондай-ақ келесі жылдан бастап өрт сөндіретін және жүк таситын дрондарды шығару жоспарланып отыр.
Тағы да оқыңыз: Түрік инвесторлары Ақтөбеде зауыт ашып, дрон шығарады