Банк пен қаржы

Вячеслав Ким сатып алынған Alatau City Bank-тен дивиденд алмайды

Вячеслав Ким сатып алынған Alatau City Bank-тен дивиденд алмайды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Alatau City Bank-тің жалғыз акционері Вячеслав Ким 2025 жыл үшін қарапайым акциялар бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады.

Банктің таза пайдасы бөлінбеген пайдаға бағытталады. Мұндай шешімді акционер 2026 жылғы 29 мамырда қабылдады, деп хабарлайды KASE деректері.

Сонымен қатар, банктің 2025 жылға арналған жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігі тәуелсіз аудитордың қорытындысымен бірге бекітілді. Alatau City Bank бірнеше жылдан бері дивиденд төлемей келеді.

Акционерлер соңғы рет 2019 жылдың қорытындысы бойынша 2020 жылы төлем алған болатын. Сол кезде банк дивидендтерге 113,85 млрд теңге бағыттаған еді.

2025 жылы маусымда Jusan Bank ресми түрде атауын өзгертіп, Alatau City Bank атанды. Осыдан бір ай өткен соң Ким ресми түрде қаржы ұйымын Ғалымжан Есеновтан сатып алды