Жанабыловтар мемлекет алдындағы шығынын әлі өтемеген бе

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Жанабыловтар соты басталады/фото: kursiv.media

Істі болған Ерболат Жанабылов пен жұбайы Эльмира Төлегенова мемлекет алдындағы шығынын әлі өтемеген. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.

Вице-министрге блогерлер рақымшылыққа іліне ме деген сұрақ қойылды.

«Сіздер айтып отырған кейс орта ауырлықтағы санатқа жатады. Шығынды өтеген жағдайда жазадан құтылу түрінде рақымшылық қолданады. Ол кейс бойынша шығын бар. Бірақ аталған жағдайда шығын өтелмегендіктен, қылмыстық жауапкершіліктен босату деген рақымшылық қолданылмайды», – деді спикер.

27 сәуірде заңсыз лоторея ұйымдастырды деген айыппен ерлі-зайыпты блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова сотталған. Жанабылов мүлкі тәркіленіп, екі жылға шартты түрде сотталды. Ал Эльмира Төлегенованың мүлкі тәркіленіп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды.

Қылмыстық істегі жалпы шығын 247 млн теңге болды. Бірақ сотта Ерболат Жанабылов шығынды толық өтегенін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз