Енді бала түрмеде дүниеге келсе, бұл дерек туу туралы куәлікте көрсетілмейді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Сенат заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады/фото: shutterstock

Енді бала түрмеде дүниеге келсе, бұл дерек туу туралы куәлікте көрсетілмейді. Бұл туралы сенатор Марат Қожаев айтты.

«Қауіпсіздігі орташа мекемелерде жазасын өтеп жатқан әйелдердің жағдайына қатысты жеке баптар қосылды. Жаңа нормалар әйелдердің азық-түлік өнімдерін сатып алу құқығын, алатын сәлемдемелер санын, сондай-ақ кездесулердің саны мен олардың мерзімін реттейді. Бұл ережелер қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі әйелдерді жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бала дүниеге келген жағдайда, бұл мекеме баланың туу туралы куәлігінде көрсетпейтін норма енгізіледі», – деді Қожаев.

Алматы облысындағы «Жауғашты» колониясында сотталған әйелдер жазасын 3 жасқа толмаған баласымен бірге отырып өтей алады. ІІМ дәл осындай мекемені Атырау облысында да ашуды қарастырып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз