Павлодарда төрт жасар қыз үшінші қабаттан құлап кетті

Жарияланды
Павлодарда төрт жасар қыз үшінші қабаттан құлап кетті / Фото: Shutterstock

Павлодарда төрт жасар қыз үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Оқиға 4 маусымда болды.

2021 жылы туған бала биіктен құлағаннан кейін Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

«Жедел медициналық жәрдем шақырылғаннан кейін бала травматология пунктіне жеткізілді. Қыз баланы мамандар қарап, қажетті диагностикалық тексерулер жүргізілді», – деп хабарлады Павлодар облыстық балалар ауруханасы.

Дәрігерлердің алдын ала диагнозы бойынша, қыз баланың ішкі мүшелері көгерген және миы шайқалған. Ол хирургия бөліміне жатқызылды.

Қазіргі уақытта бала дәрігерлердің бақылауында. Қыздың жағдайы орташа ауырлықта деп бағалануда.

Сондай-ақ оқыңыз