Қазақстандағы ең биік ту тұғырлары қай қалада орналасқан

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Ең биік мемлекттік тулар / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Kursiv Media зерттеуінше, еліміздегі ең биік мемлекеттік ту тұғыры елордада орналасқан. Астананың қақ ортасында,  Мемлекеттік рәміздер алаңында  желбіреп тұрған көк тудың биіктігі – 111 метрді құрайды.

Аймақтар да елордадан қалыс қалар емес. Рейтингтің екінші және үшінші сатысын Көкшетау мен Шымкент қалалары өзара бөлісіп отыр. Көкшетаудағы Бұқпа тауының басына және Шымкенттегі жаңа аудан – Шымситиге (Tulip Hall маңы) орнатылған ту тұғырларының биіктігі 100 метрге жетеді.

Орын
Қала / Ту орналасқан жер
Биіктігі
1
Астана
Мемлекеттік рәміздер алаңы / елорданың орталық бөлігі
111 м
2
Көкшетау
Бұқпа тауының төбесі
100 м
3
Шымкент
Tulip Hall маңы, Шымсити аумағы
100 м
4
Талдықорған
Талдықорған–Алматы тас жолы бойындағы мемлекеттік ту тұғыры
92 м
5
Қарағанды
Мемлекеттік рәміздер алаңы
91 м
6
Атырау
Мемлекеттік рәміздер алаңы / Тутұғыр алаңы
91 м
7
Ақтөбе
ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақ
91 м
8
Қызылорда
Мемлекеттік рәміздер алаңы / аллеясы
60 м
9
Тараз
ҚР Тұңғыш Президенті саябағы
51 м
10
Алматы
«Медеу» жоғары таулы спорт кешені маңы
40 м
10
Павлодар
Тәуелсіздікке арналған ескерткіш аумағы
40 м

Өңірлердегі бәсекелестіктің өте тығыз екенін байқауға болады. Мәселен, тізімнің ортасындағы Талдықорған (92 м), Қарағанды, Атырау және Ақтөбе (үшеуі де 91 метрден) қалалары бір-бірінен небәрі бір-екі метрге ғана қалыс қалып тұр.

Ал оңтүстік астанамыз Алматы мен солтүстіктегі Павлодар қалалары бұл ондықты қорытындылайды. «Медеу» спорт кешені маңындағы және Павлодардағы тәуелсіздікке арналған ескерткіш аумағындағы тұғырлардың биіктігі – 40 метр.

Жалпы алғанда, мемлекеттік рәміздерге құрметтің көрінісі іспеттес бұл монументтер әр қаланың өзіндік сәулеттік мақтанышына айналып үлгерген.

Еске сала кетейік, бүгін 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде ерекше деңгейде атап өтіледі.

Сондай-ақ оқыңыз