Түркістанда бір үйдің екі баласы каналға ағып кетті
Жарияланды

Түркістан облысы, Келес ауданында қайғылы жағдай болды. Еңбекші ауылындағы Ошақты каналына бір үйдің екі баласы ағып кетті. Болған оқиғаны облыстық төтенше жағдай департаменті растады деп жазады Oтырар сайты.
Қайғылы оқиға 31 мамырда болған. Балалардың үлкені 13-те, кішісі 8-де. Алдын-ала мәлімет бойынша, ата-анасы жұмыста жүрген. Бауырлар ешкімге ескертпестен суға түспекші болып, ағып кетеді.
Бір баланың денесін сол түні, ал екіншісін келесі күні табады.
Іздеу жұмыстарына төтенше жағдай департаментінің, құтқару отрядының 73 қызметкері сондай-ақ 11 техника бірлігі жұмылдырылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Мұның алдында Түркістанда 8 жастағы бала өзенге құлап, батып кеткенін жазған едік.