Алматы облысында тұрғындар иттің өлексесін өртеген: тергеу басталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Президент жақында жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға қол қойды/фото: Айгерім Таубай

Алматы облысында тұрғындар иттің өлексесін өртеген. Ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Облыс полициясы жануарға қатыгездік көрсету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазірге дейін жағдайға қатысты бар азаматтар анықталып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Ер адам иттің өлексесі шіри бастаған соң ол туралы ауыл тұрғындарының чатына жазған. Сөзінше, қолында иттің өлгенін растайтын фотолар бар. Мұның бәрі тергеу аясында тексеріліп жатыр.

«Тергеу нәтижелері бойынша оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаның әрекетіне құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады облыс полициясы.

Бұған дейін президент жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды. Басты өзгерістің бірі иесіз жануарлар ұсталғаннан кейін табиғи ортаға жіберілмей, арнайы орында ұсталады. Егер бес тәулік ішінде іздеушісі болмаса, онда эвтаназия жасалады. 

Сондай-ақ оқыңыз