АҚШ Кубаның президентіне дейін санция салды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock

АҚШ Қаржы министрлігі Кубаға қарсы санкциялық тізімді кеңейтіп, оған ел президенті Мигель Диас-Канельді, оның бірқатар туыстары мен серіктестерін, сондай-ақ бірнеше мемлекеттік құрылымдар мен ұйымдарды қосты. Тізімді АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасы жариялады.

Жаңартылған Specially Designated Nationals (SDN) тізіміне мына тұлғалар енді:

  • Куба президенті Мигель Диас-Канель;
  • Кеңесші әрі партиялық функционер Лис Куэста Пераса;
  • Кубаның бұрынғы лидері Рауль Кастроның ұлы Алехандро Кастро Эспин.

Белгілі тұлғалардан бөлек Куба Революциялық қарулы күштер министрлігі, Революцияны қорғау комитеттері, Куба халықтармен достық институтына да шектеу енгізілді. Қара тізімде Amistur Cuba S.A. туристік компаниясы және Minera La Victoria S.A. тау-кен өндірістік кәсіпорны бар.

OFAC нақты тұлғалар мен ұйымдардың санкциялық тізімге енгізілу себебін түсіндірмеді.

Бұған дейін наурызда Дональд Трамп Иранмен соғысты реттеген соң Кубаға бет бұратынын мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз