Байырбекованың ұлы 84 млн теңге қарызға кіріп кеткен

Жарияланды 5 Маусым 2026 19:27

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Ең жоғары орташа жалақы қаржы және сақтандыру саласы қызметкерлерінде – 987 мың теңге, ал тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 979 мың теңге. / фото: KursivMedia мұрағаты
Байырбекованың ұлы 84 млн теңге қарызға кіріп кеткен / фото: KursivMedia мұрағаты

Белгілі әнші Жазира Байырбекованың сіңілісі әнші, блогер Ләззат Байырбекова ұлы Тәуіржанның 84 млн теңге қарызға батқанын растады.

Оның айтуынша, көпшілік бұл жағдайды сценарий немесе хайп деп қабылдағанымен, мәселе шын болған.

«Жақындарымыз да, кейбір оқырмандар да сенбейді екен. Олар мұның бәрі қаралым жинау үшін жасалып жатқан арнайы сценарий деп ойлайды екен. Бірақ бұл шын мәнінде рас. Пайызы өсіп кетіп, қарызы 84 млн теңгеге жетіп тұрғаны өкінішті болып тұр», – деп хабарлады әнші.

Қарызды өтеуге көмектесу үшін Ләззат Байырбекова екі пәтерін сатуға мәжбүр болғанын айтты.

Анасы бұл жағдайды ұлының қаржылық сауаттылығының жеткіліксіздігімен байланыстырды.

2025 жылғы ақпаратқа сүйенсек, халықтың мойнындағы кредиті 25 трлн теңгені құрайды. Соның ішінде 1,5 трлн теңгесі үш ай бойы төленбеген.  

Сондай-ақ оқыңыз