Халықаралық ғарыш станциясындағы астронавтар басқа кемеге көшуге мәжбүр болды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
NASA Айға келер жылы айналып ұшуды, тағы бір жылдан соң қонуды көздеп отыр / фото: KursivMedia мұрағаты
Халықаралық ғарыш станциясындағы астронавтар басқа кемеге көшуге мәжбүр болды / фото: KursivMedia мұрағаты

Халықаралық ғарыш станциясындағы төрт астронавт эвакуация режиміне ауыстырылды, ал ресейлік экипаж ауаның тарылуын тоқтатуға тырысуда, деп хабарлайды Euronews.

АҚШ-тың ғарыш агенттігі экипаждан ықтимал эвакуацияға дайындалуды талап етті. Әңгіме станцияның ресейлік модульдерінің біріндегі ақау туралы болып отыр, онда ұқсас мәселелер 2019 жылдан бері тіркеліп келеді.

NASA баспасөз хатшысы Бетани Стивенс X желісінде жариялаған хабарламасында «Звезда» қызметтік модулінің PrK деп аталатын өтпелі тоннелінде көптен бері жарықшақтар мен ағып кетулер бар екенін, оны «Роскосмос» осы күнге дейін шамасы келгенше бақылауда ұстап келгенін мәлімдеді.

«Роскосмос» ауаны сақтау үшін 5 маусым күні ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізуді шешті. Барынша сақтық шарасы ретінде NASA SpaceX Crew‑12 миссиясының төрт мүшесі мен америкалық астронавт Крис Уильямсқа барлық операциялар барысында Dragon кемесінің ішінде қауіпсіздіктің жоғары режимін сақтауды бұйырды.

Қазіргі уақытта бортта NASA-ның Crew‑12 миссиясының төрт астронавты (екі америкалық, бір француз және бір ресейлік) бар және NASA ұшуды басқару орталығынан Crew Dragon кемесіне орналасу туралы бұйрық АҚШ-тың шығыс уақыты бойынша өткен дүйсенбіде сағат 9:04-те түскен болатын.

Станцияның екі негізгі операторы – NASA мен ресейлік «Роскосмос» ғарыш агенттігі бірнеше ай бойы футбол алаңындай көлемдегі орбиталық зертхананың маңызды бөлігі саналатын «Звезда» ресейлік қызметтік модуліндегі ауаның шағын ағып кету себептері мен оны шешу жолдарын талқылап келеді.

Соңғы айларда ауаның ағып кетуі салыстырмалы түрде аз болғанымен, дүйсенбіде ол тәулігіне жарты келіден бір келіге дейін артқан. Салыстыру үшін: ересек адам орта есеппен күніне 10-нан 15 келіге дейін ауамен тыныс алады.

Бұған дейін НАСА басшысы Джаред Айзекман «Союз МС-29» кемесін ұшыру сәтін өз көзімен көру үшін Байқоңыр ғарыш айлағына келетіні хабарланған

Сондай-ақ оқыңыз