Lifestyle

ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеру нәтижелерін жариялады

ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеру нәтижелерін жариялады / Фото: youtube.com/@saburovnurlan

Қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша құқық бұзушылық белгілерін таппады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеру іс-шаралары БАҚ мәліметтері бойынша Сабуровтың 2025 жылдың жазында ресейлік жауынгерлерге он мотоцикл бергені туралы видеожазбаға қатысты жарияланымдар мен өтініштерден кейін жүргізілді.

«Тексеру іс-шараларының нәтижесінде құқық бұзушылық белгілері анықталған жоқ», – деп хабарлады ҰҚК.

Еске салайық, ақпан айында Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салған еді. Ресейлік басылымдардың жазуынша, «соғысқа кетесің не еліңе қайтасың» деп шарт қойылған

Сондай-ақ, жуырда Молдова билігі ресейлік әнші Диана Арбенина мен әзілкеш Нұрлан Сабуровтың елде концерт бергенін құптамады. 

Әртіс Қазақстан азаматы болғандықтан оның ісін ҰҚК тексеретін болған