Қазақстанда орташа жалақыны есептеу ережесі өзгерді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: shutterstock

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларына өзгерістер енгізді.

Министрдің 2026 жылғы 28 мамырдағы бұйрығына сәйкес, өзгерістер орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейтін төлемдер мен өтемақылар тізіміне қатысты.

Атап айтқанда, орташа жалақыны есептеу кезінде есепке алынбайтын өнімдердің атауы нақтыланды. Олардың қатарына қызметкерлерге берілетін сүттің немесе оған теңестірілген азық-түлік өнімдерінің құны, емдік және профилактикалық диеталық тағам өнімдері, сондай-ақ Еңбек кодексіне сәйкес берілетін арнайы киімдер мен басқа да жеке қорғаныс құралдары кіреді.

Бұған дейін құжатта «диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған мамандандырылған өнімдер» деген тұжырым қолданылып келген.

Жаңа редакция қолданыстағы заңнамадағы терминологияға сәйкестендірілді. Бұйрық 2026 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енеді.

Еске салсақ, осыған дейін Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин елде ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отырғанын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз