
6 маусымға қараған түні Биткоин (BTC) құны 59 мың долларға дейін құлдырады. Қазір әлемдегі ең қымбат криптовалюта шамамен 61 мың доллардан саудаланып жатыр.
Bitcoin жарты жылдан астам уақыттан бері үздіксіз арзандап келеді. 2025 жылғы қазанда оның құны 124 мың доллардан жоғары көтерілсе, содан бері екі есе арзандап кетті.
Әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығуы, әсіресе Таяу Шығыстағы соғыс криптовалюта нарығына кері әсер етіп жатыр. Соның ішінде Биткоин қатты зардап шекті.

Былтырғы ралли аяқталғалы бері, әсіресе 2026 жылы криптовалюта нарығы отырып қалды. Жыл басынан бері, мәселен, Биткоин шамамен 35 мың доллар құнын жоғалтты.
Соған қарамастан, Биткоинның нарықтағы капиталы әлі де болса жоғары болып тұр. 6 маусымдағы мәлімет бойынша, BTC-дің нарықтағы бағасы 1,2 трлн доллар.