
2026 жылғы шілде айынан бастап ЕАЭО елдерінде, соның ішінде Қазақстанда шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауарларға қатысты жаңа ереже күшіне енеді.
Temu, AliExpress, iHerb және басқа да интернет-дүкендерден 200 еуродан қымбат тауар сатып алатындар 21,8% салық төлейді. Оның 5%-ы кедендік баж, ал қалған 16%-ы қосылған құн салығы (ҚҚС). 200 еуродан арзан тауарлар үшін қазіргі тәртіп сақталады.
Мысал келтірейік. Сіз шетелден 300 еуро тұратын телефонға тапсырыс бердіңіз делік. Бірақ шын мәнінде шамамен 385 еуро төлеуге тура келеді:
- Кедендік баж (5%): 300 × 5% = 15 еуро.
- ҚҚС базасы: 300 + 15 = 315 еуро.
- ҚҚС (16%): 315 × 16% = 50.4 еуро.
- Барлық төлейтін салығыңыз: 15 + 50.4 = 65.4 еуро (бұл тура 300 еуроның 21.8%-ын құрайды)
Оған банк комиссиясы, брокерлік қызмет ақысы қосылады. Сонда шамамен 375-385 еуро төлеуге тура келеді. Бұған тауар жеткізу құнын қосыңыз.
Сол себепті 1 шілдеден кейін шетелден тауар алдырмас бұрын осының бәрін ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдаған жөн.