Lifestyle

Жәкішев Лондоннан келген құдаларды Алматыда күтті

Мұхтар Жәкішев Лондоннан келген құдаларды Алматыда күтті
Құдалар Алатауды тамашалады / фото: Instagram/Ene Obi, сурет ЖИ көмегімен өңделген

«Қазатөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің құдалары Лондоннан Алматыға келді. Топ-менеджер қызы Алтынай мен оның күйеуі Карл Обидің үйлену тойы осында жалғасады.

Алыстан келген құдалар Алматыда атқа мініп, Шымбұлаққа көтерілді. Олар садақ атып, мейрамханалардың бірінде қазақы дастарханнан дәм татты. Бұл туралы Алтынай Жәкішеваның енесі Ене Оби Instagram-ға жазды.

«Бұл қызымның туған қаласы. Ол үшін өз адамдарының, отбасының арасында болу өте маңызды. Той жалғасып жатыр. Алда бізді тағы бір үйлену тойы күтіп тұр. Үшінші және оң соңғысы. Алдағы апталардың бірінде өтеді», – деп жазды Ене Оби.

Бұған дейін Kursiv.Media Қазатомөнеркәсіптің бұрынғы басшысының қызы Алтынай Жәкішева шетел азаматына тұрмысқа шыққаны туралы жазған. Лондондағы үйлену тойы 9 мамырда өткен. Салтанатты кеште түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде жарияланған.

Алтынай Жәкішева 1999 жылы туған. Ол Лондонда модель болып істейді.

Әкесі – Мұхтар Жәкішев, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компниясының бұрынғы басшысы, Қазақстандағы ең танымал кәсіпкерлердің бірі.

2009 жылы топ-менеджер ұсталып, 14 жылға сотталған. Оның ісін бүкіл Қазақстан талқылаған.

2020 жылғы наурызда Мұхтар Жәкішев рақымшылықпен бостандыққа шықты. Ол түрмеде шамамен 11 жыл отырды.