Конго әуежайы Эбола безгегінен кейін жұмысын қайта бастады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Конго әуежайы Эбола безгегінен кейін жұмысын қайта бастады
Конго әуежайы қайта ашылды/ фото: kursiv.media

Конго Демократиялық Республикасындағы Буниа қаласының әуежайы Эбола індетінен кейін жұмысын қайта бастады. Індет ең көп тараған Итури провинциясында орналасқан негізгі әуе торабының жұмысы 10 күнге тоқтаған еді.

Дегенмен жолаушылар үшін санитарлық талаптар әлі де күшінде. Ұшар алдында және әуежайға қонған кезде олардың дене қызуы өлшенеді.

Сондай-ақ бортқа отырмас бұрын қолды жуу міндеті қойылды. Дене қызуы көтерілген адамдар рейстерге жіберілмейді.

Еске сала кетейік, Итури провинциясында Эбола жұқтырудың алғашқы жағдайлары тіркелгеннен кейін, мамыр айының соңында Буниаға бағытталған коммерциялық жолаушылар рейстері уақытша тоқтатылған еді.

Осы уақыт аралығында әуежай тек медициналық және гуманитарлық миссиялар үшін ғана қызмет көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі эболаға қатысты қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз