13 жастағы оқушы Threads-тен айына 200 мың теңге табады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Тредстен ақша тапты
фото: Digital Business

Павлодарда Назарбаев интеллектуалдық мектебінде оқитын 13 жастағы Әмірхан Асанов Threads желісінен айына 200 мың табады. Ол үшін күнінен жарты сағат қана уақыт жұмсайды деп жазады Digital Business.

Бір постты 3 минутта жазады

Әмірхан бастапқыда ТикТок пен Ютуб үшін UGC-контент дайындап бастады. ЖИ арқылы қысқа видеолар дайындап, жариялайтын. Кейде мектеп оқушыларына пайдалы сайттар мен тренингтерге шолу жасайды. Оның бейнежазбалары тез таралып, миллиондаған қаралым жинай бастады. Осыдан кейін Әмірхан ол ресурсты монетизациялауды ойлайды.

Осы кезде оған IELTS емтиханына дайындайтын орталықтардың бірінен ұсыныс түседі. Оқушы олар үшін Threads-ке пост жазып, оған платформаның нативті жарнамасын да қосады. Сол жазбадағы сілтеме арқылы оқырман платформаға өтіп, қызметті сатып алған сайын Әмірханға әр чектен 11% табыс түседі. Осы әдіспен мектеп оқушысы айына тұрақты түрде 200 мың теңге табады.

Бұл үшін НИМ шәкірті ЖИ-ді тұрақты пайдаланады. Мәселен, Gemini арнайы тапсырыспен сурет дайындайды, Claude идея жағынан көмектеседі, ал ChatGPT трендтерге терең талдау жасау береді. Осының арқасында Әмірхан бір жазбаға орта есеппен 3-4 минут уақыт жұмсайды. Бірақ посттарды өзім жазамын дейді ол.

Ал жазбаларын 17:00-20:00 аралығында шығарады. Дәл сол уақытта мақсатты аудитория мектептен, жұмыстан келіп, әлеуметтік желіге отырады. Әр сағат сайын бір жазба салып отыруға тырысады.

Жеке ІТ жоба жасауға көшпекші

Бірақ Әмірхан осымен тоқтамақшы емес. UGC блогер ретінде тәжірибе жинаған ол жеке ІТ жоба жасауға ниеттеніп жүр. Досымен бірге nisonline.asia атты білім беру платформасын дайындауға кіріскен. Ол оқушыларға мемлекеттік емтиханнан өтіп, НИМ, «Дарын» тәрізді мектептерге түсуге көмектеседі. Әзірге жоба жартылай дайын, ары қарай біраз жұмыс істеу керек дейді жас дарын.

Тағы да оқыңыз: Орта мектеп бітірген қазақ қызы әлемнің 80 оқу орнынан шақыру алды

Сондай-ақ оқыңыз