Армениядағы парламент сайлауы: Пашинян партиясы жеңіске жеткенін мәлімдеді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Фото: Karen Minasyan / AFP 

«Азаматтық келісім» партиясы Арменияда өткен парламент сайлауында жеңіске жетті. Бұл туралы елдің премьер-министрі және партия көшбасшысы Никол Пашинян мәлімдеді.

«Бұл тарихи жеңіс Армения Республикасының тұрақтылығы мен дамуына кепілдік береді. Бізде мығым институционалды әлем болады», – деп мәлімдеді Пашинян.

Дегенмен Орталық сайлау комиссиясы Пашинян мәлімдеме жасаған кезде бюллетендерді санап бітпегенін айту керек. Оған қарамастан ел премьер-министрі партиның жеңіске жетуі үкіметті өз бетінше жасақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Еске салайық, 7 маусымда Арменияда кезекті парламент сайлауы өтті. Сайлауға 16 партия мен 2 блок қатысты.

Сондай-ақ оқыңыз