
«Азаматтық келісім» партиясы Арменияда өткен парламент сайлауында жеңіске жетті. Бұл туралы елдің премьер-министрі және партия көшбасшысы Никол Пашинян мәлімдеді.
«Бұл тарихи жеңіс Армения Республикасының тұрақтылығы мен дамуына кепілдік береді. Бізде мығым институционалды әлем болады», – деп мәлімдеді Пашинян.
Дегенмен Орталық сайлау комиссиясы Пашинян мәлімдеме жасаған кезде бюллетендерді санап бітпегенін айту керек. Оған қарамастан ел премьер-министрі партиның жеңіске жетуі үкіметті өз бетінше жасақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Еске салайық, 7 маусымда Арменияда кезекті парламент сайлауы өтті. Сайлауға 16 партия мен 2 блок қатысты.