
Сабина Мовлаева Динара Сәтжанға берген сұхбатында әнші Димаш Құдайбергенмен бірнеше рет кездесуге барғанын айтты.
Сұхбат барысында Сабина Димашты өте жақын танитынын және олардың арасындағы таныстық бала кезден басталғанын жеткізді.
«Димашты өте жақын танимын. 10-11 жасымызда Ақтөбедегі филармонияға бірге баратынбыз. 8 жылдай бірге жұмыс жасадық, көрші болдық. Жасырмаймын, кейін де екеуіміз бірнеше рет кездесуге шыққанбыз», – деді блогер.
«Қазір жазсам, шулап кетер»
Алайда Сабина бұл кездесулер баяғыда, жас кезде болғанын атап өтті. Қазіргі таңда Димашқа хабарласудан тартынатынын да жасырмады.
«Қазір емес, әрине, атақты болғанға дейін болды ол нәрсе. Қазір оған жазатын болсам, онсыз да хейтерлерім аз емес. Шулап кетер», – деп түсіндірді Сабина Мовлаева.

Осылайша, ақтөбелік блогер Димаш Құдайберген әлі кеңінен таныла қоймаған кездерде онымен кездесулерге барып, жақын араласқанын айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген әлемдік гастрольдік тур жариялаған еді.