
Танымал әнші Еркеш Хасен жеке өміріндегі өзгерістер мен бұрынғы некесінен кейін өзіне және отбасына бағытталған сын-пікірлерге қатысты алғаш рет жауап берді. Ол отбасылық құндылықтар мен баласының болашағы үшін көп нәрсені жария еткісі келмейтінін жеткізді.
«Таяқтың екі ұшы бар»
Әншінің айтуынша, кез келген ажырасу процесінде екі жақтың да өз шындығы болады, алайда ол бұрынғы жарының абыройын түсіргісі келмейді.
«Таяқтың екі ұшы болады. Мен де сұхбатқа шығып, «ал сендер білесіңдер ме?» деп айта алар едім. Бірақ ол менің баламның анасы, онымен де жақсы күндер сүрдім ғой», – деді Еркеш Хасен.
Еркеш Хасен қоғам тарапынан болатын қысымның бұрынғы жарына ауыр тиетінін және бұл жағдайдың бала тәрбиесіне әсер еткенін қаламайтынын баса айтты.
«Менің баламның анасы мен көтерген хейтті көтере алмайды. Ертең оған психологиялық қысым болады. Мен балама ұрысқақ ана болғанын қаламадым. Ал менің хейтке етім үйренген», – деп ағынан жарылды өнер иесі.
Әнші «отбасыда болған нәрсе, отбасыда қалу керек» деген ұстанымды қолдайтынын жеткізді.

Айта кетейік, Еркеш Хасен актриса Жанель Серғазинаға үйленді. Бұған дейін Жанель де сұхбат беріп, «басы бос еркекке тұрмысқа шыққанын» мәлімдеген еді.