«Қол жетпес арман»: Қазақстандықтардың зейнетақы шегін көтеруге реакциясы

6 маусымда БЖЗҚ зейнетақы қаржысын шешіп алуға қатысты жеткілікті шегін екі есе көтерді. Енді 20 жастағы қазақстандық қордан қаржысын шешіп алғысы келсе, ол зейнетақы қорына 6,6 млн теңге, ал 30 жастағы ересек 9,7 млн теңге жинап үлгеруі керек. Бірақ бұл шешім барлығына бірдей ұнай қойған жоқ.
Әлеуметтік желі қолданушылары БЖЗҚ шешіміне наразы болып, ондай көлемде зейнетақы қорын жинап үлгеру мүмкін емес дейді.


Кейбір қазақстандықтар жеткілікті шекке жетейтіндей қаржы жинауға қазіргі жалақының өзі мүмкіндік бермейтінін айтады. Әсіресе, мемлекеттік қызметте істейтін азаматтар аз жалақымен ол тіпті мүмкін емес деп шағымданады



Көпшілік қазақстандықтар енді зейнетақы қорындағы қаржыны ипотека алуға, тіс емдеуге жинай алмайтын болдық деп уайымдап жатқанда, қаржы сарапшылары бұл шешім әбден дұрыс деген пікірде. Қаржыгер Расул Рысмамбетов жеткіліктілік шегін көтеру БЖЗҚ-дағы қаражатты сақтап қалу үшін қажет деп есептейді.
Зейнетақы қорындағы ақшаны шешіп алу үшін қанша жинау қажет десеңіз, толық тізімді мына жерден көре аласыз.