Алматы зообағында өрт шықты

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
пожар
фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

9 мамырға қараған түні Алматы зообағында өрт шықты. Болған жағдайға қатысты Төтенше жағдай министрлігі пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, зообақ аумағындағы дүңгіршектердің бірінен өрт шыққан.

«Алматыда Медеу ауданында Есенберлин көшесіндегі фотосалонда от шығып, ол жанындағы электромобильге тиген. Өрт аумағы 25 шаршы метр, құтқарушылар оқиға орнына тез жетіп, от ошағын өшірді», – деп нақтылады баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ, өрт себебі әзірге белгісіз. Дүңгіршек зообаққа емес жалға алушыларға тиесілі екен.

Тағы да оқыңыз: Алматыдағы хайуанаттар бағында билет бағасы қымбаттады

Сондай-ақ оқыңыз