
Баян Алагөзова ұйымдастырған «Алтын ханым» байқауында бас жүлде алған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза жол апатына түсті.
Бұл туралы директордың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның көлігі басқа бір көлікпен соқтығысып, Ақмоншақ Нұртаза жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
«Қайта туған күн. Аман болайық. Бір алла сақтады. Маған түкіріп қоясыздар-ау», – деп жазды директор желідегі парақшасында.
Айта кетейік, осыған дейін астаналық мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза «Алтын ханым – 2026» титулын иемденіп, өзі ұтып алған 3 млн теңгенің әйелдерді қолдайтын әлеуметтік жобаға жұмсайтынын айтқан еді.