«Алтын ханымды» жеңіп алған мектеп директоры жол апатына түсті

Жарияланды 9 Маусым 2026 20:54

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Алтын ханым
«Алтын ханымды» жеңіп алған мектеп директоры жол апатына түсті / Фото: Видеодан кадр

Продюсер Баян Алагөзова ұйымдастырған «Алтын ханым» байқауын жеңіп алған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза жол апатына түскен.

Бұл туралы директордың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның көлігі басқа бір көлікпен қақтығысып, Ақмоншақ Нұртаза жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

«Қайта туған күн. Аман болайық. Бір алла сақтады. Маған түкіріп қоясыздар-ау», – деп жазды директор желідегі парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін астаналық мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза «Алтын ханым – 2026» титулын иемденіп, өзі ұтып алған 3 млн теңгенің әйелдерді қолдайтын әлеуметтік жобаға жұмсайтынын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз