Былтыр елге келген шетелдік туристер 3 млрд доллар жұмсаған

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Бүркіт ұстаған шетел турисі Алматы қаласы
фото: Алматы әкімдігі

2025 жылы елге келген шетелдік туристер 3 млрд доллар жұмсаған. Бұл туралы үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

Биыл туризмге салынған инвестиция көлемі 33%-ға өсіп, 1,3 трлн теңгеге жеткен. Тиісінше, салық түсімі 18%-ға ұлғайып, 630 млрд теңге болды. Қазір салада 600 мыңнан аса адам жұмыс істейді.

«Саланы одан әрі дамыту мақсатында осы жылдың наурыз айында заңнамалық түзетулер қабылданды. Атап айтқанда, туристік автобустар үшін «жасыл дәліз» тетігі енгізілуде. Бұл ұйымдастырылған туристік топтардың мемлекеттік шекарадан өту уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді», – дейді туризм министрі Ербол Мырзабосынов.

Шетелдік туристерді қызықтыратын бір бағыт – медициналық туризм. 2025 жылы медициналық туризм аясында Қазақстан 80 мыңға жуық шетелдік науқасты қабылдады. Оларды халықаралық стандарттарға сай деген 10 отандық ұйым қабылдады. Енді туризм министрлігі денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Медициналық туризмді дамытудың 2026-2028 жылдарға арналған жол картасын әзірлемекші.

Тағы да оқыңыз: Биыл шетелде демалғысы келетіндер нені ескеруі керек

Сондай-ақ оқыңыз