Экономика

Қазақстанда АИ-95 бағасы төмендеді

АИ-95 маркалы бензин бағасы / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, АИ-95 маркалы бензин Қазақстанда бір айда қатты қымбаттаған жоқ. Керісінше, мамырда орташа баға 312 теңгеден 311 теңгеге түсті. Бірақ өңірлер арасындағы айырмашылық әлі де үлкен. Алматыда бір литр АИ-95 324 теңге болса, Атырауда 289 теңге ғана. Яғни бір маркалы бензиннің бағасы қалалар арасында 35 теңгеге дейін айырмашылық жасап отыр.

Баға динамикасы

АИ-95 бензинінің орташа бағасы

2026 жылдың сәуір және мамыр айлары, теңге/литр

Қазақстан бойынша 311 ₸ мамыр
Ең жоғары баға 324 ₸ Алматы
Ең төмен баға 289 ₸ Атырау
Ең көп төмендеу
-3 ₸
Қарағанды
Өскен жалғыз өңір
+1 ₸
Қызылорда
Бағасы өзгермеген өңірлер
12
өңір

Мамыр айындағы баға деңгейі

Тінтуірді апарғанда шкала анимациямен өзгереді
Алматы 324 ₸/л
Қонаев 320 ₸/л
Қазақстан Республикасы 311 ₸/л
Тараз 300 ₸/л
Атырау 289 ₸/л
Өңір Сәуір Мамыр Өзгеріс
Қазақстан Республикасы312311-1
Астана3123120
Алматы3243240
Шымкент306305-1
Ақтау2972970
Ақтөбе2902900
Атырау2892890
Жезқазған3093090
Көкшетау3033030
Қарағанды311308-3
Қонаев322320-2
Қостанай306305-1
Қызылорда307308+1
Орал2942940
Өскемен312310-2
Павлодар3083080
Петропавл3133130
Семей303302-1
Талдықорған322321-1
Тараз3003000
Түркістан3053050

Ең қымбат баға Алматыда сақталды. Одан кейін Талдықорған – 321 теңге, Қонаев – 320 теңге. Бұл оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде АИ-95 елдік орташа деңгейден қымбат екенін көрсетеді.

Ал ең арзан бензин Атырау мен Ақтөбеде тіркелді. Атырауда АИ-95 бағасы 289 теңге, Ақтөбеде 290 теңге болды. Мұнайлы өңірлерде бағаның төмен болуы логистика мен жеткізу тізбегіне байланысты болуы мүмкін.

Бір ай ішінде ең үлкен төмендеу Қарағандыда байқалды, сәуірде 311 теңге болса, мамырда 308 теңгеге түсті. Қонаев пен Өскеменде баға 2 теңгеге арзандады. Ал Қызылордада керісінше 1 теңгеге өсті. Жалпы мамырдағы дерек АИ-95 нарығында күрт өзгеріс емес, салыстырмалы тұрақтылық басым екенін көрсетеді.

Айта кетейік, Қырғызстанға 37,2 млрд теңгенің жанармайын өткізбек болған топ ұсталған.