Сұлтан Сәрсемәлиев соты кейінге қалды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сотта Сұлтан Сәрсемәлиевтен жауап алынады/фото: Нұрсұлтан Нұрсейіт

Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиев ісі кейінге қалды. Бұған дейінгі сот отырысында істі қарап жатқан судья Зарема Хамидуллина 9 маусымда істегі видеоматериал көрсетілетінін, содан кейін сотталушыдан жауап алынатынын хабарлаған. Сотталушы Сәрсемәлиевке дайындықпен келуі керек екенін айтқан.

Сот залына барған журналистердің хабарлауынша, сот отырысы 11 маусымға шегерілді.

Сұлтан Сәрсемәлиевке қылмыстық кодексте көрсетілген 13 әрекетті жасады деген айып тағылған. Сотта Сәрсемәлиев Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыпқа келіспеді. Сөзінше, мұндай әрекетке өзін қорғау үшін барған. Бұл жағдай абайсызда болғанын айтты.

Сондай-ақ қайын атасы Мақсот Қарабалинді 9 рет, Нәсіп Өтешқалиеваны 8 рет пышақтағанын, осылайша екеуін қасақана өлтіргенін мойындады.

Ал қайын апасы Мейрамгүл Қарабалинаны 32 рет пышақтаған. 

Сондай-ақ оқыңыз