Терроризмге қарсы оқу-жаттығу кезінде автокөлік қозғалысы шектеледі
Жарияланды

Елде 5-30 маусым аралығында терроризмге қарсы «Найза-Антитеррор-2026» оқу-жаттығуы өткізіледі. Бұл туралы ҰҚК Терроризмге қарсы орталық штабы хабарлады.
Соған байланысты кей ауданда автокөлік қозғалысын уақытша шектеледі. Комитет азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауға шақырып отыр.
Сондай-ақ қауіпсіздік шараларын сақтап, мемлекеттік орган қызметкерлерінің талабын орындауды сұраған.
Бұған дейін ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мамыр айының қорытындысын жариялады. Ведомство мәліметінше, бір айда тергеу аяқталған істер бойынша мемлекетке 1,5 млрд теңге залал келген.