Ұзақ күткен «Қалқаман» метро бекетінің видеосы жарияланды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: скрин, ЖИ арқылы сапасы өңделді

Алматы метросы жаңа «Қалқаман» бекетінің видеосын жариялады. Бейнежазба мекеме парақшасына жүктелген.

Бекеттегі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын екенін байқауға болады. Станция қабырғалары қоңыр, сары және көгілдір түспен боялаған. Алматы метросының хабарлауынша, «Қалқаман» бекеті осы жылы желтоқсанда ашылады.

13 ақпанда Қалқаман метро бекеті ресми түрде метро желісіне қосылған.

Қалқаман ашылған соң, метрополитенде Барлық базарына қарай тағы үш бекеттің құрылысы басталады. Үкімет оған шамамен 450 млрд теңге жұмсауды көздеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз