Астанада үлгілі отбасыға 1 млн теңге беріледі

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
«Мерейлі отбасы» жеңімпазына 1 млн теңге беріледі / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.

Байқау талаптарына сәйкес, қалалық кезеңнің жеңімпазы 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады. Ал аудандық кезеңде үздік атанған отбасыларға 500 000 теңгеден беріледі.

«Ұлттық конкурстың басты мақсаты – «Мерейлі отбасы» байқауының негізгі мақсаты – өнегелі отбасылардың өмірлік тәжірибесін кеңінен насихаттап, отбасы құндылықтарын, неке мен жанұяның оң үлгісін дәріптеу арқылы олардың қоғамдағы беделін көтеру және қоғамдық бірлікті нығайту», – деді ұйымдастырушылар.

Елорда тұрғындары байқауға қатысу үшін өтінімдерін 15 маусымға дейін тапсыра алады.

Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы Қазақстанда жыл сайын өтеді және елдегі ең ірі отбасылық жобалардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыз