
Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.
Байқау талаптарына сәйкес, қалалық кезеңнің жеңімпазы 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады. Ал аудандық кезеңде үздік атанған отбасыларға 500 000 теңгеден беріледі.
«Ұлттық конкурстың басты мақсаты – «Мерейлі отбасы» байқауының негізгі мақсаты – өнегелі отбасылардың өмірлік тәжірибесін кеңінен насихаттап, отбасы құндылықтарын, неке мен жанұяның оң үлгісін дәріптеу арқылы олардың қоғамдағы беделін көтеру және қоғамдық бірлікті нығайту», – деді ұйымдастырушылар.
Елорда тұрғындары байқауға қатысу үшін өтінімдерін 15 маусымға дейін тапсыра алады.
Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы Қазақстанда жыл сайын өтеді және елдегі ең ірі отбасылық жобалардың бірі.