
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанда жанармай бағасы қатты қымбаттамады деп тұжырымдайды. Шенеуніктің айтуынша, кейінгі екі аптада баға 3-4 теңгеге көтерілген. Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында айтты.
Ақкенженов 2024 жылдың 1 сәуірінен бері үкімет жанамай бағасын бекітпейтінін айтып өтті. Яғни, бензин құнын мемлекет реттемейді.
«Бағаны ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсыныс белгілейді, Мендегі бар ақпарат бойынша, баға 3,4 теңгеге ғана өскен. 10 теңгеге қымбаттағы деген ақпарат нақты емес», – деді ол.
Оған қоса министр жанармай бекеттері бірлесіп бағаны қымбаттатып жатыр деген ақпаратты да жоққа шығарды. Жаз соңына дейін баға нарықтағы сұраныс негізінде қалыптасады.
Ақкенженов министрлік нарықтағы жағдайды жіті бақылап отырғанын, баға шарықтап кетпес үшін реттеу шараларын қолға алатынына уәде берді. Оның айтуынша, елде жанар-жағармай қоры жеткілікті.
2026 жылдың 1 сәуіріне дейін үкімет АИ-92 маркалы бензин бағасын көтеруге мараторий жариялаған болатын. Алайда мараторий уақыты біткен соң отын бағасы қымбаттайтынын министрлік өкілдері де мойындаған. Сол кезде шенеуніктер бағаны бақылауда ұстаймыз деп уәде берген.
Бірақ мараторий кезіндегі ақпан мен наурыз айларында АИ-92-ні жанармай бекеттері 235 теңгеден сатса, қазір баға 245 теңгеге жетті.