44 жастағы Серена Уильямс тенниске оралып, рекорд орнатты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: Wimbledon

«Үлкен дулыға» турнирінің 23 дүркін жеңімпазы, бұрын әлемнің бірінші ракеткасы атанған, 44 жастағы Серена Уильямс төрт жылдық үзілістен кейін кәсіби спортқа ресми түрде қайта оралды.

Сәтті басталған жаңа кезең

Аты аңызға айналған америкалық спортшы өзінің алғашқы матчын Лондондағы беделді Queen’s Club (WTA 500) турнирінде өткізді. Ол жұптық сында 19 жастағы канадалық жас талант Виктория Мбокомен бірге өнер көрсетті.

Турнирдің алғашқы айналымында Уильямс пен Мбоко жұбы жарыстың 3-ші нөмірлі мықтылары Эрин Рутлифф пен Николь Меличар-Мартинесті 7:6 (7:2), 6:2 есебімен сенімді түрде жеңіп, жанкүйерлерін тәнті етті.

«Өзіме «C-минус» деген баға берер едім»

Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Серена Уильямс өзінің физикалық дайындығына қатысты әзіл аралас пікір білдірді:

«Құдайым-ау, менің ойыныма қандай баға бересіздер? Бәлкім, «C-минус» (қанағаттанарлық) шығар? Төрт жылдық үзілістен кейін, бірден шөп төсенішті кортқа шығу оңай емес. Дегенмен, жалпы алғанда, жаман емес, кортта өте көңілді уақыт өткіздік», – деді спортшы.

44 жасында үлкен спортқа қайта оралған Серена Уильямс теннис тарихындағы карьерасын ресми аяқтағаннан кейін, кортқа қайта шыққан ең ересек бірінші ракетка ретінде Мартина Навратилованың (43 жас) рекордын жаңартты.

Сондай-ақ оқыңыз