Lifestyle

Қайрат Нұртастың ЖИ-мен өңделген фотосы: желіде әншінің өтірігі ашылып қалды

коллаж: kursiv.media

Қайрат Нұртастың әлеуметтік желіде тараған фотосы көптің назарын аударып отыр. Желі қолданушылары әншінің жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен айтарлықтай өзгертілген суретін алып, қызу талқыға салды.

Threads және басқа да әлеуметтік платформаларда тараған скриншоттардан әншінің суретінің түпнұсқадағы және Gemini AI бағдарламасы арқылы өңделген нұсқасын анық көруге болады.

Түпнұсқа мен ЖИ нұсқасы

Желіде жарияланған салыстырмалы суреттерге қарасақ, жасанды интеллект әншінің сырт келбетіне біраз «түзетулер» енгізгені байқалады.

Түпнұсқа видеодан алынған кадрда Қайрат Нұртас үстел басында қарапайым қалыпта отырса, ЖИ өңдеген суретте оның білек бұлшықеттері іріленіп, спортшыларға тән сымбатты дене бітім пайда болған.

фото: threads

«Жемини, айналайын, мені де качок қылшы»

«Қайрат ағамыз Gemini қолдана ма?», – деп жазды желі қолданушылардың бірі.

«Сәлем, Gemini, мені «качок» қылшы деген сияқты ғой», – деп әзілдеді оқырмандар.

Еске сала кетейік, Қайрат Нұртас жақында ғана Алматыда ауқымды концерт беріп, украиналық әнші Светлана Лободамен бірге ән айтқан.