«Реал Мадрид» Хулиан Альварес үшін 150 млн еуро ұсынды

Мадридтік «Реал» өзінің басты бәсекелестерінің бірі «Атлетико Мадридтің» шабуылшысы Хулиан Альваресті сатып алуға ұсыныс жасады.
Директорлар кеңесінің шұғыл шешімі
«Реал Мадрид» клубының ресми мәлімдемесіне сәйкес, директорлар кеңесінің отырысынан кейін клуб басшылығы аргентиналық шабуылшының федеративтік құқықтарын иелену туралы шешім қабылдаған. Мадридтік ұжым «Атлетикоға» бірден 150 млн еуро көлемінде ресми ұсыныс жасады.
Егер ауысу жүзеге асқанда, бұл трансфер футбол тарихындағы ең қымбат мәмілелердің біріне айналар еді.
«Атлетико Мадридтің» жауабы
«Атлетико Мадрид» клубы «Реалдың» ұсынысын ресми түрде кері қайтарды.
«Клуб ұсыныстан бас тартады. «Атлетико» ойыншыны жіберудің жалғыз жолы оның келісімшартында көрсетілген бас тарту өтемақысының толық төленуі екенін мәлімдеді», – делінген ресми хабарламада.
Яғни «Реал Мадрид» Хулиан Альваресті өз қатарына қосқысы келсе, келісімшартта бекітілген соманы толығымен төлеуге тиіс деген сөз.
Еске сала кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда жаңадан салынған «Атлетико Мадридтің» футбол академиясына барған еді.