Ресей мигранттар үшін салық баждарын 12 есе арттырды
Жарияланды

Ресең Федерациясы Мемлекеттік думасы мигранттар үшін салық баждарын, оның ішінде Ресей азаматтығын ресімдеу үшін 12 есе арттыру туралы заң қабылдады.
Мигранттар үшін салық баждарын арттыру көзделген, оның ішінде:
- 12 есе – 4200 рубльден 50 000 рубльге дейін – Ресей азаматтығын ресімдеу кезінде;
- 8 есе – 1920 рубльден 15 000 рубльге дейін – уақытша тұруға рұқсатты ресімдеу кезінде;
- 5 есе – 6000 рубльден 30 000 рубльге дейін – тұруға ықтиярхатты ресімдеу кезінде.
Мигранттарды жұмысқа тартуға рұқсат беру үшін баж салығы артады – әрбір шетелдік маман үшін 15 000 рубльге дейін.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда еңбек мигранттарына қатысты салық төлеудің жаңа тәртібі енгізілгенін жазған едік.