Жаңалықтар

Ресей мигранттар үшін салық баждарын 12 есе арттырды

Ресей мигранттар үшін салық баждарын 12 есе арттырды / Фото: Shutterstock

Ресең Федерациясы Мемлекеттік думасы мигранттар үшін салық баждарын, оның ішінде Ресей азаматтығын ресімдеу үшін 12 есе арттыру туралы заң қабылдады.

Мигранттар үшін салық баждарын арттыру көзделген, оның ішінде:

  • 12 есе – 4200 рубльден 50 000 рубльге дейін – Ресей азаматтығын ресімдеу кезінде;
  • 8 есе – 1920 рубльден 15 000 рубльге дейін – уақытша тұруға рұқсатты ресімдеу кезінде;
  • 5 есе – 6000 рубльден 30 000 рубльге дейін – тұруға ықтиярхатты ресімдеу кезінде.

Мигранттарды жұмысқа тартуға рұқсат беру үшін баж салығы артады – әрбір шетелдік маман үшін 15 000 рубльге дейін.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда еңбек мигранттарына қатысты салық төлеудің жаңа тәртібі енгізілгенін жазған едік.