Lifestyle

Шымбұлақтан Бұтақтыға дейін аспалы жол тартылады

Шымбұлақтан басқа шатқалдарға дейін аспалы жол салынады / Фото: Shutterstock

Биыл Алматы тау кластерін қаржыландыру басталады. Бұл туралы Алматы мәслихатының кезекті сессиясында экономика және қаржы басқармасы басшысы Бауыржан Құдайбергенов айтты.

«Тау кластері инфрақұрылымын дамыту аясында Шымбұлақ – Қимасар – Бұтақты шатқалына дейінгі аспалы жолдар мен базалық станциялардың құрылысын бастауға 39,2 млрд теңге көзделген», – деді Бауыржан Құдайбергенов қаланың 2026-2028 жылғы бюджетіне өзгерістер енгізуге қатысты мәлімдемесінде.

Айта кетейік, аспалы жол салу туралы 2024 жылы да айтылған. Сол кезде «Шымбұлақ» пен «Ой-Қарағай» арасындағы жол 45 шақырым екені, таулар арқылы 13 шақырымды еңсеріп жетуге болатыны айтылды. Курорттар арасында үш шатқал бар – Қимасар, Бұтақты, Қотырбұлақ. Таулы аймақ бәрін аспалы жол жүйесі арқылы байланыстыруға мүмкіндік береді.