Жыл басталғалы 10 адам суға кетіп қаза тапты

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Алакөлде 17 жастағы жасөспірім суға кетті
Былтыр 125 адам суға кеткен/фото: shutterstock

Жыл басталғалы елде 10 адам суға кетіп қаза тапты. Ішінде 7 бала бар. Бұл туралы төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Әсет Жылқайдаров мәлімдеді.

Айтуынша, 2024 жылы жалпы 162 адам қаза тапты, ішінде 50 бала болды. 2025 жылы 125 адам қаза тапқан, ішінде 39 бала бар.

2024 жылы қайғылы жағдай Абай облысы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облысында, Маңғыстау облысында көп тіркелген. Ал 2025 жылы Алматы облысында жиі болған.\

«2026 жылы Алматы облысында екі оқиға, Қарағанды облысында үш оқиға болды», – деді Әсет Жылқайдаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұған дейін Қызылордада 5 маусым күні із-түссіз жоғалып кеткен 6 жасар Медина Мұратқызының мәйіті Сырдария өзенінен табылды.

Сондай-ақ оқыңыз